08.08.2006, 15:21 3135

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысы Бішкекте өтеді

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысы Бішкекте өтеді

МИСКЕУ. 8-тамыз. Kazakhstan Today. 10-11-тамызда Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ұйым хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Отырыс барысында әскери мақсаттағы өнімдерді жасау, пайдалану, модернизациялау, жөндеу және пайдалы жарату саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың жобасын бірлесе жасау, ұйым шеңберінде қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары мен ұйымдарының маманданған бағытын сақтап қалуға бағытталған ұжымдық шаралар қолдану қажеттігі, санаткерлік іс-қызметтің нәтижелерін пайдалану мен қорғау тәртіптері мен оларға қатысты құқықты өзара қорғау шаралары туралы талқылау жоспарланған",- деп хабарлады комиссияның хатшысы Александр Булидоров.

Сонымен бірге комиссия іс-қызметінің ағымдағы жылдағы кейбір қорытындылары мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасының жанында жұмыс тобын құру туралы мәселені қарау межеленген.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығынан хабарлағанындай, әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы 2005-жылдың 23-маусымында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес құрылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны