21.08.2006, 19:28 2979

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы ЕурАзЭҚ пен ұйым интеграциялануға тиіс деп санайды

АЛМАТЫ. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа ЕурАзЭҚ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы интеграциялануға тиіс деп санайды. Бұл туралы ол Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз үшін ЕурАзЭҚ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының етене жақын ықпалдастыққа ден қойғанының маңызы зор. Өйткенә, экономикасыз қауіпсіздіктің, қауіпсіздік жоқ жерде экономиканың болмайтыны түсінікті",- деді ол.

Н.Бордюжаның пікірінше, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының аясында жұмыс істейтін жарғылық органдар, атап айтсақ, қорғаныс министрлерінің кеңесі мен сыртқы істер министрлерінің кеңесі тек қауіпсіздікке қатысты ғана емес, сонымен бірге, экономикаға да байланысы бар мәселелерді шешуге тиіс.

Дегенмен, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы ЕурАзЭҚ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын біріктірудің қажеті жоқ деп санайды. "қарап отырсаңыздар, Солтүстік Атлантикалық альянс пен Еуропалық Одақ әзірге бірігуге ниет білдіріп оытрған жоқ. Егер біз бірігетін болсақ, онда бір-бірін қайталайтын функуцияларды жоюымыз керек. Оның кері және оң жақтары бірдей бар, бәрін салмақтап алу керек",- деді Н.Бордюжа.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны