28.04.2008, 19:48 3064

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Ташкентте әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Ташкентте әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Мәскеу. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа Ташкентте әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұйым Хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Менің сапарымның мақсаты Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Душанбе сессиясының шешімдерінің жүзеге асу барысы жайында, қазіргі замандағы қауіп-қатерлерге қарсы тұруды жандандыру бойынша Ұйым аясында қабылданған шаралар жөнінде Өзбекстан Республикасының басшылығын хабардар ету. Біз ұйым форматындағы әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылаймыз", - деп хабарлады Н. Бордюжа Ташкентке ұшарының алдында.

"Сондай-ақ, ұйымдағы ішкі жағдайлар жөнінде, Ұйымға мүше мемлекеттердің саяси ынтымақтастығы, олардың сыртқы саяси қызметін үйлестіру және Өзбекстан Республикасының осы процеске қатысуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы хабардар етуді жоспарлап отырмын", - деп атап көрсетті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы.

Оның айтуынша, "атқарушы биліктің нақты органдарының басшылықтарымен ұйым аясында терроризм, есірткі тасымалына қарсы әрекет ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағайларға ұжым болып әрекет ету әлеуетін қалыптастыру салаларында өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі талқылау қажеттігі туып тұр".

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Н. Бордюжаның Өзбекстанның қорғаныс, сыртқы істер, төтенше жағдайлар министрлерімен, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен, республика парламентінің басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысының Ташкентке сапары Ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына дайындықпен және ұйымға мүше мемлекеттердің басшылығын ұйым қызметі жайында құлақтандырумен байланысты жұмыс сапарларының жалғасы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны