19.12.2007, 19:03 3198

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сарапшылары жаппай қырып-жою қаруын заңсыз тасымалдаудың алдын алу жөніндегі өзара ықпалдастықты талқылайды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сарапшылары жаппай қырып-жою қаруын заңсыз тасымалдаудың алдын алу жөніндегі өзара ықпалдастықты талқылайды

Мәскеу. 19-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сарапшылары үстіміздегі жылдың 20-желтоқсанында Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында жаппай қырып-жою қаруын заңсыз тасымалдаудың алдын алу жөніндегі жан-жақты жедел өзара ықпалдастық механизмін құру мәселелерін талқылайды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ұйым хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Сарапшылар консультациясының күн тәртібінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының аясында жаппай қырып-жою қаруын, оны тасымалдау құралдарын және оған жататын материалдарды заңсыз тасымалдауға жол бермеу және оның алдын алу, мамандар дайындау мен кеден және шекара қызметтерін тиісті құрал-жабдықтармен жабдықтау, нормативтік құқықтық база алмасу мақсатында жан-жақты жедел өзара ықпалдастық механизмін құру мәселесі қойылған",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

"Лаңкестік және есірткі қасіреті сияқты заманауи алпауыт қауіп-қатерлердің бірі болып табылатын жаппай қырып-жою қаруы материалдарының заңсыз айналымының жолын кесу Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады және де ұйымға мүше барлық мемлекеттердің мүдделеріне сай. Лаңкестік ұйымдардың жаппай қырып-жою қаруы материалдарын алуға деген талпыныстарының күшеюіне байланысты аталмыш проблеманың өзектілігі де өсіп отыр.

Жаппай қырып-жою қаруының өзіндік сипаттамасы, оның тіптен тар көлемде қолданған жағдайда әкелетін апаттық салдары осыған жататын тауарлар мен технологиялардың заңсыз айналымына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды одан әрі жетілдіру қажеттілігін көрсетіп отыр",- деп мәлім етті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымның Бас хатшысының орынбасары Тоқтасын Бұзаубаев.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, отырыс Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер өкілдерінің консультациясының үстіміздегі жылдың екінші жартысы мен келесі жылдың бірінші жартысындағы сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша жоспарына сәйкес өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны