19.09.2006, 18:24 2944

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы келісілген саясаттың құралына айнала алады - ұйым бас хатшысының орынбасары

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы келісілген саясаттың құралына айнала алады және халықаралық қоғамдастықтың осы саладағы нормалары мен принциптерін қалыптастыруға белсенді әсер ете алады. Бұл туралы бүгін Астанада ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі "Инфофорум-Қазақстан" атты Еуразиялық екінші форумда Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымы бас хатшысының орынбасары Тоқтасын Бозыбаев осындай пікір білдірді , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жаңаша қауіп-қатерлердің трансшекаралық сипаты мен жаңаша ақпараттық технологиялардың ғаламдық таралу принциптері Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымы тарапынан аймақтық және халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлескен күш -жігер мен ортақ пікір-көзқарасты талап етеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны