17.05.2012, 08:45 3049

В.Путиннің "Үлкен сегіздікке" қатысудан бас тартуына байланысты Обаманың жоспарларына өзгерістер енгізілді

Еуропадағы америкалық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі элементтерін орналастыру және экономикалық қызметтің мәселелерін талқылау да қарастырылған көрінеді. Енді осы кездесудің бәрі өтпейтін болды.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Ресей Президенті В.Путиннің Кэмп-Дэвидте өтетін "Үлкен сегіздік" кездесуіне барудан бас тартуына байланысты Ақ үй АҚШ Президенті Барак Обама мен Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведевтің кездесуіне өзгерістер енгізетін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін саммит шеңберінде екі ел басшылары арасында толыққанды келіссөздер ұйымдастыру жопарланған екен. Онда Еуропадағы америкалық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі элементтерін орналастыру және экономикалық қызметтің мәселелерін талқылау да қарастырылған көрінеді. Енді осы кездесудің бәрі өтпейтін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны