05.10.2009, 18:03 3422

Вашингтонда АҚШ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменістан арасындағы Сауда және инвестиция бойынша негіздемелік келісім кеңесінің 5-ші отырысы өтеді

Вашингтонда АҚШ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменістан арасындағы Сауда және инвестиция бойынша негіздемелік келісім кеңесінің 5-ші отырысы өтеді

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Вашингтонда АҚШ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменістан арасындағы Сауда және инвестиция бойынша негіздемелік келісім кеңесінің 5-ші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"7-8 қазан аралығында Вашингтонда ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Ж.Айтжанова бастаған қазақстандық делегация АҚШ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменістан арасындағы Сауда және инвестиция бойынша негіздемелік келісім (ТИФА) кеңесінің 5-ші отырысына қатысады",- деді ресми өкіл.

Е.Ашықбаевтың хабарлауынша, аталған келісімде халықаралық сауданы нығайту және Орталық Азия аймағына шетелдік инвестициялар тарту, сондай-ақ аймақтағы мемлекеттер мен Ауғаныстан арасында сауда қатынастарын орнату шаралары қарастырылмақ. ТИФА шеңберіндегі ынтымақтастықтың дамуы аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосады.

"Кеңесте сауда және инвестициялар салаларында мониторинг жүргізу, оларды дамыту мүмкіндіктерін қарастыру, зияткерлік меншік пен қоршаған ортану қорғау мәселелері қарастырылады",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны