01.10.2012, 10:17 3014

Вашингтонда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселесі қаралады

Елшілік хабарына қарағанда, бұл жайында 28 қыркүйек күні Нью-Йоркте өткен екіжақты ынтымақтастықтың аралық шолуын өткізуге арналған Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-американдық комиссия отырысында мәлім болған.

Нью-Йорк. 1-қазан. Kazakhstan Today - 15-16 қазан күндері Вашингтонда Энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстандық-американдық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда энергетикалық ынтымақтастық, оның ішінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану балама энергия көздері мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл ақпаратты Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің баспасөз қызметі таратты.

Елшілік хабарына қарағанда, бұл жайында 28 қыркүйек күні Нью-Йоркте өткен екіжақты ынтымақтастықтың аралық шолуын өткізуге арналған Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-американдық комиссия отырысында мәлім болған.

Қазақстандық делегацияға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров, американдық тарапқа АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейк басшылық жасаған.

Тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша бірлескен жұмыс тобын құру мәселесіне қанағаттанушылық танытты. Жұмыс тобы аталған саладағы екіжақты келісімдерді жүзеге асырумен айналысады. Американдық тараптың пайымынша, болашағы зор бағыттардың бірі ғарыштық зерттеу саласындағы өзара іс-қимыл болып табылады.

Стратегиялық әріптестік бойынша екіжақты комиссия құру уағдаластығына ағымдағы жылдың 1 ақпанында Қазақстан мен АҚШ сыртқы саясат ведомстволары басшыларының кездесуінде қол жеткізілген болатын. Комиссияның келесі отырысын 2013 жылы Астана қаласында өткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны