09.03.2010, 18:30 3623

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы жыл сайынғы екіжақты саяси консультациялар өтуде

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы жыл сайынғы екіжақты саяси консультациялар өтуде

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Вашингтонда 8 және 9 наурызда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы жыл сайынғы екіжақты саяси консультациялар өтуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бірнеше мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Қаймат Омаров бастайды. Американдық тарапқа АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейк басшылық етеді.

Шараның күн тәртібі 2010 жылдың 12-13 сәуірде Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке дайындық, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы саммитінін мазмұнын анықтау, Ауғанстанда саяси тұрақтандыру және экономикасын қалпына келтіру, саяси, экономикалық, қауіпсіздік және адам құқықтары салаларындағы ықпалдастықтың перспективалары секілді қазақ-американ стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелерін қамтиды.

Аталмыш сапар барысында қазақстандық делегация сондай-ақ АҚШ-тың іскерлік топтар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бірқатар кездесулер орын алады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны