01.02.2010, 18:37 2875

Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 18-ші экономикалық-экологиялық форумының бірінші отырысы өтеді

Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 18-ші экономикалық-экологиялық форумының бірінші отырысы өтеді

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Венада 1-2 ақпанда "Шекарадан өту орындарын лайықты басқару, жерүсті көліктер қауіпсіздігін нығайту және халықаралық авто және темір жол көлік қатынастар қауіпсіздігін арттыру" атты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 18-ші экономикалық-экологиялық форумының бірінші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аталмыш шараға ұйымға мүше елдердің мемлекеттік органдар, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар, іскерлік және сараптық топтардың 300-ге жуық өкілдері қатысады.

Форумға қатыстатын қазақстандық делегацияны көлік және транспорт министрінің орынбасары Азат Бектұров бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны