26.03.2007, 18:36 3073

Венада наурыздың аяғында ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшем жөніндегі кеңесі өтеді

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. 29-30 наурызда Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшем бойынша "Еркін жиналыстар, еркін қауымдастықтарға бірігу мен сөз бостандығы: пікір алуандығы билеген қоғамдастықтарға толық құқылы қатысуды ынталандыру" тақырыбы бойынша қосымша кеңесі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қазақстандық делегацияны адам құқықтары жөніндегі уәкіл Болат Байкадамов басқарады.

"Кеңестің барысында "ЕҚЫҰ аймағындағы бірлестіктер құру еркіндігі; бейбіт жиналыстар еркіндігі; ой-пікір білдіру еркіндігі және плюралистік қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы" тәрізді тақырыптар талқыланады", деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны