31.07.2007, 11:05 5572

Жалпыұлттық социал -демократиялық партиясы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңес құрамынан шығатындығын мәлімдеді

АСТАНА. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңес құрамынан шығатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен қоғамдық кеңесте одан әрі бола алмаймын. Сондықтан да бұл кеңестен өзімнің шығатындығым туралы мәлім етемін",- деп мәлімдеді кеше Орталық сайлау комиссиясы отырысында осы комиссияның жанындағы ЖСДП өкілі Темірлан Тәшімбетов.

Ол, қоғамдық кеңестің 27-шілдеде өткен отырысында "Хабар" агенттігінің Алматыдағы бөлімшесі ЖСДП-ның насихат роликтерін көрсетуден бас тартқандығына байланысты өтінішін қарау барысында аталмыш бейнероликті Бас прокуратураның сараптамасына жіберу туралы шешім қабылданғандығын еске сала кетті. "Роликті насихат басталған кезде Бас прокуратураның сараптамасына жіберу, біздің пайымдауымызша, тек осы роликтерді эфирге шығару мүмкіндігін созу ғана",- деп мәлім етті Т. Тәшімбетов.

Ол сондай-ақ, партия ақпараттық дауларды қарастыру жөніндегі қоғамдық кеңес құрамына басқа өкілін жібере ме дегенді түсіндірмеді.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов партия өкіліне олардың шағымдары кеңеске 23-шілдеде келіп түскендігін, ал бейнероликтердің өзін "27-шілдеде түс кезінде" әкелгендігін еске сала кетті.

"Бас прокуратураның қарау мерзіміне тоқталатын болсақ, заң 5 күнді қарастырады. Бес күн ішінде - 6-тамызға дейін - бізге қорытындысын береді",- деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. Ол сондай-ақ, кеңес жұмысына қатысу немесе қатыспау туралы шешім партия өкілінің өз құқығы екендігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны