04.07.2006, 13:37 2790

Жаңа партия төрағасының орынбасары болып Жұмағұлов, Назарбаева және Павлов сайланады – толықтырылған нұсқа

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Біріккен жаңа партияның төрағасының орынбасары болып Жұмағұлов, Назарбаева және Павлов сайланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Менің орынбасарларым болып Дариға Назарбаева, Бақытжан Жұмағұлов пен Александр Павлов сайланады. Сіздер оларды жақсы білесіздер”, деп мәлімдеді бүгін “Отан” республикалық саяси партиясының кезектен тыс ІX съезінде “Асар“ республикалық партиясымен бірігу жөнінде шешім қабылдануға байланысты жаңа партияның жетекшісі болып сайланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, “Отан” партиясының саяси кеңесі енді жартылай “Отанның”, жартылай “Асардың” өкілдерінен құралады. “Бұдан былай біз-асарлықтармыз, біз-отандықтармыз деп бөліну болмайды”,- деді Н.Назарбаев. “Партияның саяси кеңесі тиімді жұмыс істейтін органға айналуы қажет. Біз парасат пен қуатты қиыстыра білуге тиіспіз”,- деді мемлекет басшысы.

“Отан” партиясы төрағасының міндетін атқарушы болып Бақытжан Жұмағұлов қала береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны