09.01.2007, 13:15 2829

Жаңа үкіметтің құрамы президенттің Қазақстан халқына арнаған былтырғы жолдауында алға қойылған мақсаттарға сай келуге тиіс - "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі

АСТАНА. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. Жаңа үкіметтің құрамы президенттің Қазақстан халқына арнаған былтырғы жолдауында алға қойылған мақсаттарға сай келуге тиіс. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының отырысынан кейін фракция жетекшісі Имзебек Жолшыбеков пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Сонымен бірге, оның пікірінше, "үкіметте сабақтастық сақталуға тиіс. "Дегенмен, алға биік мақсаттар қойылғандықтан, министр ретінде ұсынылатын адамдар соған сәйкес келуге тиіс",- деді И.Жолшыбеков.

"Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі кешегі президентпен кеңес кезінде және фракцияның бүгінгі отырысында талқыланған кандидатураларды атаудан бас тартты.

"Біздің заңнамаға сәйкес, премьер-министрдің кандидатурасына қатысты ұсыныстарды мемлекет басшысы енгізеді. Біз бүгін үкіметтің болашақ құрамы мен құрылымы туралы, сондай-ақ, сөзсіз, үкімет басшысының кандидатурасын талқыладық. Бірақ, ертең парламентке президент кімді ұсынатыны- президенттің билігіндегі мәселе. Біз тек өз пікірімізді білдірдік",- деп атап өткен И.Жолшыбеков фракция "президент ұсынған кандидатураларды қолдайды", деді.

Өз кезегінде фракция отырысына Иділбек Жақсыбековтың қатысу себебін түсіндіруді сұраған журналистер сауалына "Нұр Отан" партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов : "Жақсыбеков отырысқа президент әкімшілігінің жетекшісі ретінде қатысты", деп атап көрсетті.

Сонымен бірге үкімет басшысы лауазымынан кандидаттың атын атау туралы сауалға "бір адам туралы сөз болып отыр", деп жауап берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны