13.04.2011, 13:32 4628

Жаңа Зеландияда тұратын қазақстандықты өз көлігімен соғып кеткен

Жаңа Зеландияда тұратын қазақстандықты өз көлігімен соғып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 13 - сәуір. Kazakhstan Today - Жаңа Зеландияда тұратын қазақстандықты өз көлігімен соғып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Окленд қаласында тұратын 54 жастағы қазақстандық көлік апатынан қаза тапты. Оны соққан кұрбанның өз көлігі болып шыққан. Бұл жағдай оқыс оқиға ма әлде қасақана адам өлтіру ме, бұл жағы әзірге белгісі.

Nzheraid.co.nz ғаламтор баспасының хабарлауынша, мерт болған Құсайын Садықов Веллингтонның тыныш аудандарының бірінде тұрған. Ол пәтер жалдап тұрған үйдің иесі Сэм Тангридің айтуынша, оның жанында үнемі бірге тұратын әйел жүретін. Және де оқиғаға себеп болған көлікті сол әйелдің де жүргізетіндігін көрген.

"Ол өте салмақты, ешкімді мазаламайтын адам еді",- дейді С. Тангри.

Photo: The New Zealand Herald

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны