21.08.2006, 16:15 3068

Жапония үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келеді

АЛМАТЫ. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Жапония үкімет басшысы Дзюнъитиро Коидзуми 28-29-тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Дзюнъитиро Коидзумидің алдағы сапары Жапония жағының Қазақстандағы сыртқы саяси бастамаларды қолдайтынын және демократияландыру мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалайтынын дәлелдей түседі",- деді Е.Ашықбаев.

СІМ өкілінің пікірінше, "бұл сапар 1999-жылғы 6-желтоқсандағы бірлескен декларацияға сәйкес екі жақты стратегиялық әріптестікті іске асыру мен "Орталық Азия+Жапония" диалогын дамытуда маңызды бір кезең болып табылады".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны