13.01.2012, 11:16 4507

Жапония үкіметінде бес министр ауысты

Отставкаға кеткен үкімет күннің екінші жартысына дейін өз міндеттерін формальды түрде атқарады. Содан кейін жаңа кабинет құрылады деп болжануда, онда премьер бес министрді ауыстыруды көздеп отыр. Олардың арасында, атап айтқанда, әскери және заң ведомстваларының басшылары бар, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Токио. 13-қаңтар. Kazakhstan Today - Жапония үкіметінде бес министр ауысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Жапония Үкіметі премьер-министр Ёсихико Ноданың талап етуімен толық құрамда отставкаға кетті.

Отставкаға кеткен үкімет күннің екінші жартысына дейін өз міндеттерін формальды түрде атқарады. Содан кейін жаңа кабинет құрылады деп болжануда, онда премьер бес министрді ауыстыруды көздеп отыр. Олардың арасында, атап айтқанда, әскери және заң ведомстваларының басшылары бар, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Жаңа қорғаныс министрі Парламент депутаты - өткен ғасырдағы ең ірі жапон саясаткерлерінің бірі Какуэя Танакидің күйеу баласы Наоки Танака болатыны белгілі болды. Сондай-ақ үкіметте жаңа вице-премьер лауазымы құрылмақ, оған Демократиялық партияны басқаратын көрнектi қайраткер Кацуя Окада тағайындалуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны