01.07.2010, 18:12 4583

Жеке тұлғалардың Қазақстанға көлік кіргізуіне берілетін жеңілдетілген режимі жақын күндері күшіне енеді

Жеке тұлғалардың Қазақстанға көлік кіргізуіне берілетін жеңілдетілген режимі жақын күндері күшіне енеді

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today Жеке тұлғалардың Қазақстанға көлік кіргізуіне берілетін жеңілдетілген режимі жақын күндері күшіне енеді. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР сауда және экономикалық даму министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз қаулының жобасын әзірлеп жатырмыз, оған бүгін қол қойылады, ал ертең баспасөз беттерінде жарық көріп, күшіне енеді",- деп хабарлады Ж. Айтжанова.

Осы қаулыға сәйкес "Қазақстан азаматының келесі жылдың 1-шілдесіне дейін қысқартылған тәртіппен бір жеңіл көлікті импорттық кеден баж салығы мен ҚҚС төлеп кіргізетін мүмкіндіктері бар",- деп атап өтті Ж. Айтжанова.

Министр, аталмыш қысқартылған режим тек жеке тұлғалар үшін екендігін нақтылап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны