20.04.2009, 18:00 3157

Женева қаласына БҰҰ ұйымдастыруымен Дурбан процессіне шолу конференциясы өтеді

Женева қаласына БҰҰ ұйымдастыруымен Дурбан процессіне шолу конференциясы өтеді

Астана. 20 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Швейцария Конфедерациясының астанасы Женева қаласына 2009 жылғы 20-24 сәуір аралығында БҰҰ ұйымдастыруымен Дурбан процессіне шолу конференциясы өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Конференциянын негізгі мақсаты - 2001 жылы Дурбан қаласындағы (ОАР) басқосудың нәтижесінде қол жеткізген Декларация мен Іс-қимылдар бағдарламасының орындалуына шолу жасау, нәсілшілдікке байланысты қабылданған міндеттемелердің жүзеге асырылуын жеделдету, нәсілдік кемсітушілік, ксенофобия, төзімсіздіктің басқа да түрлерінің қазіргі кезеңдегі жағдайын талқылау",- деді І.Омаров.

Конференцияға Мәдениет және ақпарат міністрілігінің вице-министрі Бағлан Майлыбаев бастаған қазақстандық делегация қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны