07.12.2009, 18:50 3176

Женевада еліміздің Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдардағы Ұлттық іс-әрекеттер жоспарын таныстыру рәсімі өтеді

Женевада еліміздің Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдардағы Ұлттық іс-әрекеттер жоспарын таныстыру рәсімі өтеді

Астан. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Женевада еліміздің Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдардағы Ұлттық іс-әрекеттер жоспарын таныстыру рәсімі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"7-10 желтоқсанда Женевада СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынованың басшылығымен Қазақстанның ведомствоаралық делегациясы БҰҰ Адам Құқықтары жөніндегі кеңесінің әмбебап мерзімді шолу жөніндегі жұмыс тобының 6-шы сессиясына қатысуы жоспарлануда",- деді ресми өкіл.

Сессияның жұмыс шеңберінде 10 желтоқсанда, яғни Адам құқығы күнінде, Қазақстанның делегациясы еліміздің 2009-2012 жылдардағы Адам құқығы саласындағы Ұлттық іс-әрекеттері жоспарының таныстыру рәсімі өткізіледі.

Имбебап мерзімді шолу - бұл БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңес тарапынан бүкіл мүше-мемлекеттердің құқық қорғау саласында өз міндеттемелерін орындау жөнінде тұрақты шолу жасау механизмі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны