14.07.2008, 17:08 2924

Женевада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі жұмыс тобының 10-шы отырысы өтеді

Женевада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі жұмыс тобының 10-шы отырысы өтеді

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Женева қаласында 17 шілдеде Швейцария, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі жұмыс тобының 10-шы отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

СІМ ақпаратына сәйкес, отырысқа Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова бастаған қазақстандық делегация қатысады.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процедурасы 1996 жылы 26 қаңтарда ДСҰ хатшылығына ресми өтініш ұсынылған кезден басталды.

1996 жылы ақпанда Қазақстан ДСҰ бақылаушы ел мәртебесіне ие болды. Сол жылы Қазақстанның ДСҰ кіру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, бүгінгі күні оның құрамына ДСҰ 39 мүше-мемлекеттер кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны