25.04.2008, 16:30 3127

Жыл сайын 160 млн адам кәсіби ауруларға шалдығады -Халықаралық еңбек ұйымы

Жыл сайын 160 млн адам кәсіби ауруларға шалдығады -Халықаралық еңбек ұйымы

Алматы. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жыл сайын 160 млн адам кәсіби ауруларға шалдығады. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымының қауіпсіз жұмыс орындарына арналған баяндамасында айтылған. Ол 28 сәуірде аталып өтетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналып шығарылады, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

Баяндамада келтірілген мәліметтер бойынша жыл сайын 2 млн 200 мың адам өндіріспен байланысты аурулар мен жұмыс орындарындағы қайғылы оқиға салдарынан көз жұмады. 270 млн адам жұмыс орындарында бірнеше күнге жұмыс жасау мүмкіндігінен айыратын түрлі жарақаттарға ұрынуда. Тағыда 160 млн адам кәсіби ауруларға шалдығады.

Баяндама авторлары барлық әлемнің жұмыс берушілері мен жұмысшыларды ХЕҰ еңбекті қорғау мәдениетін көтеру жөніндегі жаһандық компаниясына қосылуға шақырды. Олар келтірген қайғылы оқиғалар санының жыл сайын өсіп келуіне назар аударып, енді бұл үрдісті тоқтатудың уақыты келді дегенді алға тартты.

ХЕҰ бас директоры Хуан Сомавиа атап өткеніндей үкімет, жұмыс беруші және жұмысшылар арасындағы ынтымақтастың арқылы қауіпсіздік мәдениетін құрып, олардың өзара міндеттерінің атқарылуын және денсаулық үшін қауіпсіз жұмыс орындарын құру жөніндегі жауапкершілігін күшейту керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны