15.04.2011, 17:56 5306

Жоғарғы соттың жаңа төрағасы сайланды

Сенат елбасының ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың төрағасы Мұсабек Илімбековты лауазымынан босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - Сенат елбасының ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың төрағасы Мұсабек Илімбековты лауазымынан босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қызметіне Бектас Бекназаровты сайлау жөнінде ұсыныс білдірген. Б. Бекназаров бұрындары Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған болатын.

2009 жылдан бері Жоғарғы сот төрағасы қызметін Мұсабек Илімбеков атқарған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың алты судъясын сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағандары үшін қызметінен босату туралы шешім қабылданған болатын. Осыған байланысты ҚР парламентінің сенат депутаты Ғани Қасымов Жоғарғы соттың төрағасы отставкаға кетуге тиіс деп мәлім еткен болатын.

Фото: aktobegazeti.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны