15.06.2010, 12:31 2901

Жүзге жуық үнді студенттері өздерін Қырғызстаннан үйлеріне қайтару туралы өтініш білдірді

"Бұл жерде кез-келген адам кез-келген уақытта мерт болуы мүмкін",- деп хабарлайды Ош қаласынан The Times of India қоңырау шалған үнді студенті Захир Хан.

Алматы.15-маусым. Kazakhstan Today - Қырғыздың Ош және Жалал-Абад қалаларындағы жүзге жуық үнді студенттері өмірлеріне қауіп төніп тұрғандықтарын айтып, өздерін Қырғызстаннан Үндістанға қайтару туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі The Times of India үнді порталына сілтеме жасай отырып.

"Бұл жерде кез-келген адам кез-келген уақытта мерт болуы мүмкін",- деп хабарлайды Ош қаласынан The Times of India қоңырау шалған үнді студенті Захир Хан.

Оның айтуынша, үнді студенттері өз үйлерінде қамалып отыр.

"Менің үйімнің жанындағы ғимарат жанып жатыр. Біз өз пәтерлерімізде қамалып отырмыз",- дейді студент Амрит Дас(Amrit Das).

Қырғызстанның оңтүстігіндегі гуманитарлық ахуал ушығып тұр, себебі көптеген кәсіпорындар жабылған және де тұрғындар азық-түлік пен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін сезінуде.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда маусымның 10-нан 11-не қараған түні төтенше жағдай енгізілген болатын. Соңғы мәліметтер бойынша Ош және Жалал-Абад облыстарында елде көз жұмғандардың саны 117 адамға жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны