25.09.2026, 19:20 123761 / 23205

АҚШ-та Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сыртқы саясат басшылары кездесті

Тараптар ТМҰ аясындағы ынтымақтастықтың алдағы міндеттерін талқылады.
АҚШ-та Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сыртқы саясат басшылары кездесті
Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысты, деп хабарлайды министрлік баспасөз қызметінен.

Ұйымға мүше мемлекеттер Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулары кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан СІМ басшысы қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында түркі мемлекеттері арасындағы өзара қолдау мен үйлесімді іс-қимылдың маңызы артып келе жатқанын атап өтті.

Отырыс барысында тараптар ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен алдағы міндеттерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылап, өзара іс-қимылдың практикалық мазмұнын арттыруға және түркі мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне сай келетін бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өз дайындықтарын растады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мен БҰҰДБ Орталық Азиядағы бірлескен жобаларды кеңейтетіні хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны