17.07.2026, 18:00 71671

Алматы - Сиань роуд-шоуы: туризм және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

Алматы - Сиань роуд-шоуы: туризм және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
ҚР Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен FlyArystan мен Visit Almaty (Алматы қаласы Туризм басқармасы) бірлесіп Алматы - Сиань қалалары арасындағы тікелей әуе қатынасына арналған роуд-шоу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.

Іс-шараға қытайлық туристік компаниялар, БАҚ және салалық ұйымдар, сондай-ақ авиакомпанияның өкілдері, Алматы туризм басқармасы және еліміздің жетекші туроператорларынан құралған қазақстандық делегация қатысты.

Роуд-шоу барысында FlyArystan Алматы - Сиань бағытының кестесі мен артықшылықтарын, ал Visit Almaty қаланың туристік әлеуетін ұсынды. Қазақстандық компаниялар қытайлық әріптестерін ҚХР-дан келетін қонақтарды қабылдауға дайын туристік өнімдермен таныстырды. Іскерлік бөлім B2B кездесулерімен аяқталып, онда бағытты бірлесіп ілгерілету, жаңа турпакеттер және екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны