13.07.2026, 19:46 25061

Қазақстан Чехиямен және Оманмен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан Чехиямен және Оманмен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Чехиямен серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланып, сондай-ақ дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Оман елшісінің қызметі қорытындыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Чехия Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық және ғылыми дипломатия секциясының бас директоры Томаш Кухтамен кездесті. Тараптар Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиштің Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру, жаңа бірлескен жобаларды әзірлеу, сауда мен инвестицияны кеңейту, сондай-ақ ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, күзде Чехияда өтетін Үкіметаралық комиссияның отырысына дайындық, халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл және Қазақстанның бастамалары қарастырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Оманның Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Әл-Бахраниді қабылдады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, екіжақты әріптестіктің алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді. Кездесу соңында Елшіге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың алғыс хаты табысталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны