17.08.2026, 20:45 24471

Қазақстан елшісі Сербия президентіне Сенім грамоталарын табыстады

Тараптар сондай-ақ екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Қазақстан елшісі Сербия президентіне Сенім грамоталарын табыстады
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстанның Сербиядағы елшісі Болат Иманбаев Сербия Республикасының президенті Александр Вучичке Сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар сондай-ақ, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқылады. Атап айтқанда ауыл шаруашылығы, энергетика, цифрландыру және құрылыс салаларындағы, сондай-ақ мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, білім беру және туризм бағыттарындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық дипломат Астананың екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін растады.

Өз кезегінде, Сербия президенті Астанаға жуырдағы сапарын жылы ықыласпен еске ала отырып, мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді және Қазақстанның Белградта өтетін EXPO 2027 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын құптады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды бірлесіп іске асыруға бейілділігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны