13.08.2026, 20:52 22806

Қазақстан Германия және Иордания елдерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Германия және Иордания елдерімен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшісі Ренате Пайчтан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың ағымдағы жағдайы мен әлеуетін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Хамза әл-Омаримен кездесті. Тараптар қазақ-иордан ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен оны одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) бас директоры Берік Арынмен кездесті. Тараптар Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) кеңістігіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу мақсатында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны