08.08.2026, 09:56 52601

Қазақстан көршілес елдермен Сырдария мен Әмудария суын пайдалану мәселесін талқылады

Тараптар су қоймаларының жұмыс режимдерін және олардан су алу шегін пайдалану мәселелерін қарастырды
Қазақстан көршілес елдермен Сырдария мен Әмудария суын пайдалану мәселесін талқылады
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов Түркістан қаласында өткен Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 94-отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінен.

Комиссия отырысына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшылары қатысты. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасы бақылаушы ретінде қатысты.

Тараптар Сырдария мен Әмудария су қоймаларының жұмыс режимдерін және олардан су алу шегін пайдалану, су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу, сондай-ақ Аралды құтқару халықаралық қоры аясындағы өңірлік бастамаларды іске асыру мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ, отырыс барысында Орталық Азиядағы су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған CAWEC жобасына ерекше назар аударылды. Дүниежүзілік банк өкілі Дмитрий Петрин қатысушылардың назарына жобаны одан әрі іске асырудың негізгі бағыттарын ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 94-отырысының хаттамасына қол қойылды.

Комиссияның кезекті отырысы Түрікменстанда өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны