04.07.2026, 15:55 77521
Қазақстан мен Греция Халықаралық су ұйымын құру мәселесін талқылады
Достарға айту
Афинада Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин "Global Water Partnership Mediterranean" ұйымының Атқарушы хатшысы Вангелис Константианоспен кездесті. Тараптар су қауіпсіздігі, су ресурстарын орнықты басқару, климаттық орнықтылық, сондай-ақ Қазақстан, Грекия және Жерорта теңізі өңірі елдері арасындағы су саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөз барысында БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның 2026 жылғы сәуірде Астанада өткен Орнықты даму жөніндегі өңірлік конференция барысында жарияланған бастамасына ерекше назар аударылды.
Елші аталған бастама қолданыстағы халықаралық су бағдарламаларын шоғырландыруға, су ресурстарын жаһандық басқарудағы бытыраңқылықты азайтуға, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы үйлестіруді нығайтуға, сондай-ақ климаттың өзгеруі, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік сын-қатерлерін ескере отырып, халықаралық күн тәртібіндегі су қауіпсіздігінің рөлін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Тараптар су ресурстарын интеграцияланған басқару, құрғақшылыққа бейімделу, ауыл шаруашылығында суды орнықты пайдалану және өңірлік су ынтымақтастығы саласында елеулі тәжірибесі бар Грекиямен және Жерорта теңізі елдерімен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан бастамасын Грекияның сарапшылық ортасында ілгерілету мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасып, су қауіпсіздігі және су ресурстарын орнықты басқару саласындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша практикалық қадамдар белгіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.08.2026, 16:14 186
Финляндиядағы қазақстандық студенттермен Құрылтай сайлауын өткізу барысы талқыланды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстанның Финляндиядағы елшісі Азамат Әбдіраимов осы елде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өткізіп, мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына ерекше назар аударылды. Елші жас қазақстандықтарға дауыс беру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп, өскелең ұрпақтың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді әрі саналы түрде қатысуының маңыздылығын атап өтті",- деп айтылған хабарламада.
Қазақстандық дипломат сапалы білім алудың және алған білім мен дағдыларды тәжірибеде тиімді қолданудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ студенттерге қабылдаушы елдің заңнамасын, қоғамдық нормалары мен дәстүрлерін сақтау және құрметтеу қажеттігі айтылды.
Бұдан бөлек, кездесу барысында қазақстандық студенттерді қызықтыратын өзекті мәселелер, сондай-ақ Елшіліктің алдағы іс-шаралары мен жоспарлары талқыланды. Кездесуге қатысушылар маңызды мәселелер бойынша өзара пікір және ұсыныстар алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 15:48 86
Қазақстан мен ЕО КҚК арқылы энергия ресурстарын жеткізу мәселесін талқылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі - Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбаттасушылар энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және энергия ресурстарын жеткізудің халықаралық инфрақұрылымын, оның ішінде Каспий құбыр консорциумы шеңберіндегі инфрақұрылымды одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ү.ж. 23 маусымда Брюссельге жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды талқылау аясында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ алдағы екіжақты және көпжақты байланыстардың кестесін талқылады.
Әңгіме барысында тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделілігін растап, перспективалы ынтымақтастық бағыттарын кеңейтуге өзара бейілділігін білдірді.
Бұған дейін Қазақстан мен Грекия КҚК арқылы мұнай жеткізу қауіпсіздігін талқылаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мұнай қабылдауға уақытша шектеу енгізгеннен кейін Қазақстан мұнай экспортының қосымша бағыттарын қарастырып жатыр.
20 шілдеде Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында азаматтық танкерге тағы бір шабуыл жасалып, соның салдарынан мұнай тиеу тоқтатылды.
Сондай-ақ, 30 шілдеге қараған түні КҚК теңіз терминалының ВПУ-3 айлақтан тыс тиеу құрылғысында мұнай тиеп жатқан Маршалл аралдарының туы астындағы NIFFOS SIFNOS танкеріне дрондар шабуыл жасады.
Бұдан бөлек, КҚК теңіз терминалынан алты теңіз милі қашықтықтағы аумақтық суларда мұнай қабылдау үшін терминалға бет алған Мэн аралының туы астындағы MARATHI танкеріне шабуыл жасалды.
Кейінірек Украина КҚК-ға шабуылдарды тоқтатуға келісті, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 19:50 6471
Қазақстан мен Қытай өнеркәсіп, құрылыс және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Достарға айту
Қазақстан мен Қытай өнеркәсіп, құрылыс және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлиньмен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
"Кездесу барысында өнеркәсіп, құрылыс, энергетика салаларындағы қазақ-қытай ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру барысы, оларды одан әрі нығайтудың перспективалық бағыттары қаралды", - деп айтылған хабарламада.
Атап айтқанда, Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда зор әлеуетін атап өтті.
Өз кезегінде Хань Чуньлинь Қытай тарапының өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екенін растады.
Кездесудің соңында тараптар екіжақты өзара ықпалдасудың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды қолдауға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 19:28 6866
Қазақстан мен АҚШ энергетика, технологиялар және инвестициялар салаларындағы ынтымақтастықты талқылады
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капур Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының энергетика, технологиялар және инвестициялар салаларындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады",- деп айтылған хабарламада.
Е.Көшербаев сұхбаттасын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабардар етіп, елдің дамудағы жаңа кезеңге қадам басқанын атап өтті. Осыған байланысты 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы жаңа конституциялық модельді іс жүзінде іске асырудағы маңызды кезең болатыны аталып өтті.
Өз кезегінде, америкалық тарап ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады және энергетика, маңызды минералдар, озық технологиялар, цифрландыру, көлік және инвестициялар салаларындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейту үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.
Су ресурстарын басқарудың жаһандық архитектурасын нығайту жөніндегі Қазақстанның бастамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында сондай-ақ 2026 жылғы желтоқсанда Майами қаласында өтетін "G20" саммитіне дайындық мәселелері жөнінде пікір алмасылды. Саммитке Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады. Осыған байланысты тараптар жоғары деңгейдегі күн тәртібін мазмұнды түрде қалыптастыру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 19:28 6651
Ресейдің Өскемендегі жаңа бас консулы тағайындалды
Сурет: Ресей СІМ
Достарға айту
Михаил Королев Ресей Федерациясының Өскемендегі бас консулы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Михаил Королев Алтай политехникалық институтын бітірген. 1999 жылдан бері дипломатиялық қызметте.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің Барнауылдағы аумақтық органының басшысы - өкілі, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Өскемен қаласының бас консулы қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бері Ресей Сыртқы істер министрлігінің Барнауылдағы аумақтық органының басшысы - өкілі қызметін атқарып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 13:29 8196
Оңтүстік Корея президенті Тоқаевқа қылмыстық топты ұстауға көмектескені үшін алғыс айтты
Ол келесі айда өтетін "Корея Республикасы - Орталық Азия" саммитінде тікелей жүздесіп, алғысын жеке жеткізуге мүмкіндік болатындығын атап өтті
Достарға айту
Оңтүстік Корея gрезиденті Ли Чжэ Мён Қазақстанда телефон арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Оңтүстік Корея азаматтарын ұстап, оларды отанына қайтаруға көмектескені үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп жазады Оңтүстік Корея көшбасшысы X әлеуметтік желісінде.
Ли Чжэ Мённің айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Камбоджа мен Вьетнам арқылы Қазақстанға жасырын кіріп, қазақстандықтарға қарсы телефон алаяқтығын жасаған.
Күдіктілер Қазақстан аумағында ұсталып, 2 апта өткен соң толықтай елге қайтарылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұстау шарасынан бастап елге жеткізуге дейінгі жұмыстың жедел атқарылуы Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің белсенді қолдауы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға және тиісті тараптарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз",- деп жазады Оңтүстік Корея президенті.
Ол сондай-ақ, келесі айда өтетін "Корея Республикасы - Орталық Азия" саммитінде тікелей жүздесіп, алғысын жеке жеткізуге мүмкіндік болатындығына сенімді екендігін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 11:55 9026
Израильде Қазақстандағы саяси өзгерістер таныстырылды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігі Израильдің бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізіліп, қатысушыларға 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелері таныстырылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұйымдастырылған кездесу Израиль жұртшылығын 2026 жылдың 23 тамызында өтетін Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау қарсаңында ұйымдастырылып, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және институционалдық өзгерістер туралы ақпараттандыруға арналды.
"Мемлекеттік билік жүйесін реформалауға, бір палаталы парламент - Құрылтайға көшуге, өкілді органдарды қалыптастырудың жаңа қағидаттарына, сондай-ақ жаңартылған саяси жүйедегі саяси партиялар мен азаматтық қоғамның рөліне ерекше назар аударылды",- деп атап өтті министрлік өкілдері.
Кездесу барысында сондай-ақ қатысушыларға сайлауды өткізу тәртібі, саяси партиялар мен кандидаттардың қатысуы, сайлау процесінің негізгі кезеңдері туралы толық ақпарат берілді. БАҚ өкілдері мен сарапшылар конституциялық реформаның практикалық іске асырылуы, мемлекеттік биліктің жаңа моделінің жұмыс істеуі, саяси партиялардың рөлі, сондай-ақ Қазақстанның одан әрі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне қызығушылық танытты.
Қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жүргізіліп жатқан реформалар мен алдағы сайлау процесіне қатысты тиісті түсініктемелер алды.
Кездесу Қазақстан Республикасының Израильдегі дипломатиялық өкілдігі мен Израильдің медиа және сарапшылық қоғамдастығы арасында тікелей диалогты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан туралы объективті және жан-жақты ақпаратты ілгерілетуге бағытталған маңызды алаң болды.
Қазақстан Республикасының Елшілігі Израильдің БАҚ өкілдерімен және сарапшылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды одан әрі жалғастырып, Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуының өзекті мәселелеріне арналған тақырыптық брифингтер мен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 21:12 12716
Әзербайжан ОСК басшысы Құрылтай сайлауын бақылауға қатысады
Достарға айту
Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов Қазақстан Құрылтайы депутаттарының алдағы сайлауын бақылауға қатысады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Қазинформ" ХАА сілтеме жасай отырып.
Атап айтқанда, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) миссиясы құрамында ұйымның бас хатшысы Рамиль Гасан мен Оңтүстік Кавказ зерттеулер орталығының басшысы Фархад Мамедов сайлау барысын бақылайды.
Сондай-ақ, Әзербайжан Милли Мәжілісінің депутаты Гюльшан Пашаева ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының миссиясы құрамында бақылауға қатысады.
Халықаралық байқаушылар өздері өкілдік ететін ұйымдардың мандаттары мен халықаралық стандарттарға сәйкес дауыс беруге дайындық пен оны өткізу барысын бағалайтын болады.
Естеріңізге сала кетсек, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтайдың алғашқы құрамының депутаттарын сайлау науқаны өтеді. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары 22 тамызға дейін жалғасады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.08.2026, 09:52Шынар Ақпарова Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды 13.08.2026, 11:27 2451СІМ шетелдік журналистерге Құрылтай сайлауына аккредиттеуден өту мерзімдерін еске салды13.08.2026, 10:22 936Алматыда жоғары дәрежелі шақыру бойынша өрт сөндіріліп жатыр13.08.2026, 12:14 621Астанада Жастар күніне арналған Jastar Day фестивалі өтті13.08.2026, 11:13 461Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» алғашқы нысаны 2027 жылғы маусымда іске қосылады
06.08.2026, 15:56 73471Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды06.08.2026, 13:30 7332616 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 73041Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты06.08.2026, 17:55 71491СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді06.08.2026, 18:38 60771"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті
24.07.2026, 17:33 105666АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99386Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97966Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 97126Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94986ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

