13.08.2026, 17:22 12516
Қазақстан мен Иран Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады
Достарға айту
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Иран елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ сұхбаттастар Қазақстан мен Иран арасындағы қатынастарды дамыту перспективаларын қарастырды. Көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайтуға және осы саладағы практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында тараптар түрлі деңгейлердегі тұрақты әрі мазмұнды диалогты жалғастырудың маңыздылығын да атап өтті.
Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.09.2026, 17:54 371
Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге келісті
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Қазақстан мен Оңтүстік Корея екіжақты қарым-қатынасымызды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру жөнінде маңызды уағдаластыққа қол жеткіздік, деп мәлім етті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёнмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Оңтүстік Кореяны Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі деп атады.
Президент сондай-ақ Корея Қазақстан экономикасына 12 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салғанын хабарлады. Оның айтуынша, кореялық Кореяның әлемге танымал компаниялары Қазақстан нарығында ойдағыдай жұмыс істеп жатыр және еліміз оларға қолайлы жағдай жасауды жалғастырады.
Тараптар білім мен ғылымды дамытуға ерекше назар аударды. Сапар аясында Алатау қаласында Кореяның озық технологиялар институтының (KAIST) филиалын ашу туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.
"Бұл қадам білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастығымызды тереңдетуге тың серпін береді деп ойлаймын", - деді Тоқаев.
Өз кезегінде Ли Чжэ Мён Оңтүстік Кореяның озық өнеркәсіптік және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан өнеркәсібін жаңғыртуға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді.
"Қазақстан - біздің экономикалық қауіпсіздік саласындағы маңызды серіктесіміз. Сіздің еліңіз тек энергетикалық және табиғи ресурстарға ғана бай емес, келешегі зор жоғары технологиялық салаларда да зор әлеуетке ие", - деді Оңтүстік Корея Президенті.
Көшбасшылар сондай-ақ жаһандық тұрақты даму мен қауіпсіздік мәселелері бойынша екі ел ұстанымдарының жақындығын атап өтті.
Бұған дейін Қазақстан мен Оңтүстік Корея $19 млрд сомасына коммерциялық келісімдерге қол қойған болатын.
Сондай-ақ, Сеулде дөңгелек үстел өтіп, оның барысында Қазақстан Кореяға ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ұсынды.
Серіктестер өзара тауар айналымын екі есе арттырып, қосылған құны жоғары өнімдер саудасын кеңейтуді көздеп отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Премьер-министрі Хан Сон Сукпен кездесу барысында мәлімдеді.
Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның Lotte бренді Алматы мен Alatau City-де қонақүйлер салуды жоспарлануда. Тиісті меморандумдарға Тоқаевтың Lotte Group төрағасымен кездесуінің қорытындысы бойынша Hotel Lotte және Sensata Invest қол қойған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2026, 16:38 646
Қазақстан мен Оңтүстік Корея президенттері Сеулде салтанатты түрде кездесті
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қазақстан президентін Корея Республикасы президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды", - деп айтылған хабарламада.
Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2026, 14:07 2171
Сауда көлемін екі есе арттыру, жаңа инвестициялық жобалар және Alatau City: Тоқаевтың Оңтүстік Корея премьер-министрімен кездесуінің қорытындысы
Достарға айту
Қазақстан мен Оңтүстік Корея өзара тауар айналымын екі есе арттырып, қосылған құны жоғары өнімдер саудасын кеңейтуді көздеп отыр. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының премьер-министрі Хан Сон Сукпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
"Күн тәртібінде екіжақты тауар айналымын екі есе арттыру міндеті тұр. Ол үшін көлемді ұлғайтып қана қоймай, сауданың құрылымын өзгертіп, қосылған құны жоғары тауарлар номенклатурасын кеңейте түсу қажет. Сондықтан Қазақстан мен Кореяның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының 2027-2030 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын әзірлеу өте өзекті деп білемін. Сонымен қатар локализациялау және өнімді үшінші нарыққа шығару бойынша перспективті жобаларды қамти отырып, өндірістік кооперацияның жеке жол картасын дайындау маңызды деп санаймын", - деді Тоқаев.
Президент Оңтүстік Корея Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің ондығына кіретінін атап өтті. Елімізде корей капиталының қатысуымен мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда Кореяның ірі корпорацияларымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдерінің кәсіппен айналысуына қолайлы жағдай жасалған. Осы бағытта қазақ-корей үкіметтері қажетті шараларды атқарып жатыр.
Корея Республикасының премьер-министрі өз кезегінде Қазақстанды Корея Республикасының Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық серіктесі деп атады.
"Осы саммит аясында екі ел арасындағы ынтымақтастық, әсіресе, экономика, энергетикалық тасымал тізбегі бағыттарында жандана түседі деп үміттенемін. Сондай-ақ Корея Алатау қаласын дамытуда Қазақстанның әлеуетті серіктестерінің бірі болады деп ойлаймын", - деді Хан Сон Сук.
Тараптар сондай-ақ көлік және логистика, аса маңызды материалдар, автомобиль жасау, цифрландыру, жасанды интеллект және медицина салаларындағы бірлескен жобаларды талқылады.
Тоқаев Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёнмен алдағы келіссөздердің ерекше маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл келіссөздер екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашуы тиіс.
Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Кореяның ірі корпорациясы Қазақстандағы технологиялық жобаларға шақырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 17:50 14131
Қазақстан Францияға қазақстандық сарбаздар жерленуі мүмкін орындардың тізімін берді
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстандық дипломаттар Франциядағы Нацвайлер-Штрутхоф нацистік концлагері құрбандарын еске алу рәсіміне қатысып, мемориал әкімшілігіне Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Францияны азат ету кезінде қаза тапқан Қазақ КСР-інен шыққан болуы мүмкін азаматтардың тізімін табыстады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еске алу рәсімі Эльзас өңіріндегі Нацвайлер-Штрутхоф мемориал аумағында өтті. Іс-шараға жергілікті билік өкілдері, депортацияланғандардың отбасыларына көмек көрсететін ұйымдар, сондай-ақ Францияның Гранд-Эст өңіріндегі дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Қазақстанның Страсбургтегі Бас консулдығы атынан дипломаттар нацистік режим құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Іс-шара аясында Мемориал әкімшілігімен өткен әңгімелесулер барысында ҚР дипломаттары тарихи жадты сақтаудың және жауынгерлердің, соның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Франция аумағында соғысқан, қаза тапқан қазақстандықтардың ерлігін мәңгі есте сақтаудың ерекше маңызын атап өтті.
Соғыс жылдарында Францияны азат ету жолында қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың жерленген орындарын іздестіру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу мақсатында сарапшылық деңгейде тығыз байланыстар орнату үшін француз әріптестеріне қазақстандық зерттеушілерден алынған, Қазақ КСР-інен болуы мүмкін тұлғалардың тізімдері берілді.
Нацвайлер-Штрутхоф (Natzweiler-Struthof) концентрациялық лагері 1941 жылғы мамырда нацистік Германия тарапынан аннексияланған Эльзас аумағында құрылды. Лагерь арқылы елуден астам ұлт өкілдерінен құралған шамамен 52 000 тұтқын өткен, олардың 22 000-ға жуығы қаза тапқан.
Бүгінде бұрынғы лагерь аумағында нацистік режимге қарсы депортацияланғандардың Еуропалық қарсыласу орталығы жұмыс істейді.
Бүгінде бұрынғы лагерь аумағында сол кезеңдегі нацистік режимге қарсы тұрған депортацияланған Қарсыласу қозғалысы мүшелеріне арналған Еуропалық орталық қалыптасқан
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 17:40 14401
Қазақстан Черногорияның Бар портын Еуропаға жүк жеткізу үшін қарастыруда
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Черногориядағы Бар портын қазақстандық жүктерді ауыстырып тиеу және оларды Батыс Балқан мен Орталық Еуропа елдеріне одан әрі жеткізу үшін өңірлік логистикалық тораптардың бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруда, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ынтымақтастық мүмкіндіктерін Қазақстан Республикасының Черногориядағы Елшісі Дәулет Батырашев Бар теңіз портында болып, "Luka Bar" A.D. компаниясының атқарушы директоры Александр Слабиджоревскиймен кездесуі барысында талқылады.
Тараптар Қазақстан, Батыс Балқан елдері және Еуропа нарықтары арасындағы жүк тасымалдарын дамыту үшін Черногорияның көлік-логистикалық инфрақұрылымын пайдалану перспективаларын қарастырды.
Қазақстандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін, оның ішінде астық өнімдерін тасымалдау перспективаларына, сондай-ақ контейнерлік және басқа да жүк тасымалдарын дамытуға ерекше назар аударылды.
Дәулет Батрашев Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуы туралы айтып, Қазақстанның халықаралық көлік бағыттарының географиясын кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Сонымен қатар елші Будва муниципалитетінің төрағасы Никола Йовановичпен кездесті. Кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, туристік алмасуларды кеңейту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнату перспективалары қарастырылды.
Н.Йованович муниципалитеттің қазақстандық инвестицияларды тартуға мүдделі екенін білдіріп, жергілікті билік органдарының құзыреті шеңберінде әлеуетті инвесторларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Дәулет Батрашев Қазақстанның Будва қаласында Құрметті консулдық ашуға дайын екенін хабарлады. Құрметті консулдық Черногория жағалауындағы муниципалитеттермен, іскер топтармен және екі елдің азаматтарымен байланыстарды дамытуға ықпал ететін болады.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар қазақ-черногориялық сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, туристік және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 16:23 15386
Тоқаев Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға үлес қосқан кореялық қайраткерлерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы берік байланыстарды атап өтіп, республиканы еліміздің стратегиялық серіктесі деп атады
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Корея Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлерін II дәрежелі "Достық" орденімен салтанатты түрде марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы берік байланыстарды атап өтіп, республиканы еліміздің стратегиялық серіктесі деп атады.
"Екі елдің арасы алшақ болғанымен, бізді өзара құрмет пен ортақ мүдде жақындастарды. Корея экономикасы айналасындағы бәсекелестік пен сын-қатерлерге қарамастан ойдағыдай дамуда. Бұл - халықтың еңбекқорлығы мен ірі кәсіпкерлердің арқасы. Қазақ халқы мен билік өкілдері достас Корея еліне шынайы сыйластықпен қарайды. Корея Республикасы - Қазақстанның стратегиялық серіктесі", - деп мәлім етті Тоқаев.
Президент екі елдің сауда-экономикалық қатынастарды белсенді дамытып, машина жасау, энергетика, металлургия және озық технологиялар салаларында ірі бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Қазақстанда ірі кореялық компаниялар да жұмыс істейді.
Тоқаев Қазақстандағы корей қауымдастығының екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесіне ерекше тоқталды.
"Қазір Қазақстанда жүз мыңнан астам корей ұлтының өкілдері тұрады. Олардың еліміздің экономикасы мен қоғамдық-саяси дамуына қосқан үлесі орасан зор. Елімізде барлық этностар үшін қолайлы жағдай жасалған. Корё-сарам қауымдастығы да қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп, еліміздің ынтымақ-бірлігін арттыруға мол үлес қосып оты", - деді Президент.
Оның айтуынша, Қазақстанда Корей мәдени орталықтары қызмет етеді. Алматыдағы академиялық корей театры көрерменнің көзайымына айналды. Сондай-ақ корей тілінде газет шығады, арнайы радиохабар таратылады.
Тоқаев Оңтүстік Кореяның мемлекеттік және қоғам қайраткерлерін II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы шешім оларға деген құрметтің және екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесін мойындаудың белгісі екенін атап өтті.
"Сіздер алдағы уақытта да екі ел арасындағы байланысты нығайтуға сүбелі үлес қоса бересіздер деп сенемін", - деді Президент.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 11:03 18786
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Сурет: ҚТФ
Достарға айту
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылғаннан кейін қазақстандық теннисшінің еншісінде 9 901 ұпай бар. Рыбакина екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, 7 875 ұпаймен екінші сатыда тұрған Арина Соболенкодан озды. Теннисшілер арасындағы айырмашылық 2 026 ұпайды құрайды. Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула 7 265 ұпаймен түйіндеп тұр.
Бірінші орын үшін күресте шешуші турнир US Open-2026 болды. Қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға шығуы Рыбакинаға турнирдің кейінгі нәтижелеріне қарамастан әлемдік рейтингтегі көшбасшылықты қамтамасыз етті.
Кейін Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін иеленіп қана қоймай, турнирді чемпиондық атақпен аяқтады. Финалда ол Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Бұл Еленаның US Open турниріндегі алғашқы және мансабындағы "Үлкен дулыға" жарыстарындағы үшінші титулы болды.
Осылайша, 27 жастағы Елена Рыбакина WTA тарихында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілген 30-шы теннисші атанды. Сондай-ақ ол ерлер мен әйелдер арасында жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның тұңғыш өкілі болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 09:10 19501
Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барды
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысын Сеул әуежайында премьер-министрдің орынбасары – ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан президенті Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мённың шақыруымен елге барды.
15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді деп күтілуде. Тараптар қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективаларын талқылайды. Тоқаев сондай-ақ Кореяның жетекші компанияларының басшыларымен кездеседі.
16 қыркүйекте мемлекет басшысы "Орталық Азия - Корея Республикасы" бірінші саммитіне қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.09.2026, 09:20Оңтүстік Кореяның ірі корпорациясы Қазақстандағы технологиялық жобаларға шақырылды 15.09.2026, 09:32 7251ҚМА жалған хаттар арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті15.09.2026, 10:39 6861АҚШ аумағында қазақстандық әйел ұсталды - СІМ түсініктемесі15.09.2026, 10:11 5011Қазақстан теміржол арқылы экспортталатын астық көлемін арттырды15.09.2026, 12:14 4721Қазақстанда тауарлар мен қызметтерге стейблкоиндермен есеп жасауға рұқсат беру жоспарлануда
11.09.2026, 19:08 72016Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды11.09.2026, 13:16 68156Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды11.09.2026, 13:09 67741Қазақстанда адам саудасына қатысты 85 факті анықталып, 145 радикалды идея ұстанушы елден шығарылған11.09.2026, 15:18 67466Тоқаев көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсеткен спортшыларды марапаттады11.09.2026, 14:38 66311Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін есептеу тәртібі өзгертілді
03.09.2026, 17:22 83546Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 80336Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді11.09.2026, 19:08 72016Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды04.09.2026, 20:49 71136Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады11.09.2026, 13:16 68156Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

