09.06.2026, 16:40 41151
Қазақстан мен Израиль Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселелерін талқылады
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Қазақстан-Израиль Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының қызметін жандандыру мақсатында ағымдағы жылдың 8 маусымында Комиссияның тең төрағалары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Израиль Мемлекеті Қаржы министрлігінің министрі Зеэв Элькиннің онлайн кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесудің негізгі тақырыбы биыл Израильде, алдын ала қараша айына жоспарланған Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселелері болды.
Тараптар екіжақты байланыстардың жоғары қарқыны мен мазмұнды сипатын атап өтті. Атап айтқанда, Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саардың өкілді бизнес-делегациямен бірге Астанаға жасаған жуырдағы сапары, сондай-ақ инновациялар, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект салаларындағы жетекші мемлекеттік агенттіктер мен компаниялардың басшыларын бастап келген Израиль Президенті Ицхак Герцогтың сапары ерекше аталып өтті.
Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, сондай-ақ цифрландыру, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект, су ресурстарын басқару, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және басқа да басым бағыттардағы бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар Үкіметаралық комиссия екіжақты күн тәртібін ілгерілетудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылатыны жөнінде ортақ пікірге келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.07.2026, 20:57 3771
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі шетелдегі сайлау учаскелері туралы ақпарат жариялады
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру үшін құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс кестесі туралы хабарлайды.
Министрліктен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауды тағайындау туралы Жарлығына, сондай-ақ дауыс беруге дайындық пен оны өткізудің күнтізбелік жоспарын бекіткен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес құрылғанын атап өтті.
Шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының дауыс беруін ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Осы мақсатта шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері жанынан тиісті учаскелік сайлау комиссиялары құрылады",- деп көрсетілген хабарламада.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының толық тізімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтынан танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 20:17 4606
Қазақстан БҰҰ алаңында және Азия елдерінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан өкілдері халықаралық бастамаларды ілгерілетуге және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар дипломатиялық іс-шара өткізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінен.
Найробиде БҰҰ қамқорлығымен Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы талқыланды. Қазақстанның БҰҰ-ның Найробидегі бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі ұйымдастырған дөңгелек үстелге БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, ЮНЕП басшылығы және халықаралық сарапшылар қатысты.
Қазақстан қолданыстағы мандаттарды біріктіретін халықаралық су ұйымын құруды ұсынып отыр. Ең оңтайлы қадам UN-Water ведомствоаралық механизмін толыққанды мамандандырылған агенттікке немесе ұйымға айналдыру екені айтылды. Қазақстанның бұл бастамасы жаһандық су ресурстарын басқарудың үйлесімділігін, тиімділігін және есептілігін арттыру мақсатындағы инклюзивті диалогқа ашық шақыру ретінде ұсынылды.
Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы қоса атқарушы Елшісі Марғұлан Баймұхан Мьянма Одағы Республикасының Президенті Мин Аун Хлайнға сенім грамоталарын тапсырды. Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі барысында Мьянма Президенті Қазақстан мен Мьянма арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мен өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Нейпьидо қаласына сапары барысында Елші М.Баймұхан сондай-ақ Мьянма Одағы Республикасының Сыртқы істер министрі Тин Маун Свемен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтіп, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективалары қарастырылды.
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асет Исенали Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёнге сенім грамоталарын тапсырды. Тараптар достық пен өзара қолдауға негізделген қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық әріптестігінің жоғары деңгейін атап өтті. Саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға өзара мүдделілік расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 19:02 5436
Қазақстан мен Қытай биопестицидтерді бірлесіп әзірлеуге кірісті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан мен Қытай биопестицидтерді әзірлеу және олардың өндірісін жергіліктендіру бойынша бірлескен жобаларды іске қосады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тиісті меморандумға Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты және Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдіктерді қорғау институты қол қойды.
Құжат заманауи биопестицидтерді бірлесіп әзірлеуді, озық технологиялар трансфертін жүзеге асыруды, Қазақстанда өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдарының өндірісін жергіліктендіруді, сондай-ақ жоғары білікті мамандар даярлауды мақсат етеді. Меморандумға Қытайдың ғылыми делегациясының сапары аясында қол қойылды.
Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, өсімдіктерді қорғауға арналған жаңа биологиялық құралдарды әзірлеп, сынақтан өткізуді, ғылыми әзірлемелер мен технологиялар алмасуды, академиялық ұтқырлық пен кадрлар даярлау бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ перспективалы ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға жәрдемдесуді жоспарлап отыр.
Жобаны іске асыру экологиялық қауіпсіз өсімдік қорғау құралдарын қолдану аясын кеңейтуге, импортқа тәуелділікті төмендетуге, отандық агроөнеркәсіптік кешенге инновациялық шешімдерді жедел енгізуге және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 18:29 5801
ТМД елдері 2027 жылға арналған СІМ аралық консультациялар жоспарының жобасын келісті
Сурет: eccis.org
Достарға айту
2026 жылғы 22 шілдеде ТМД штаб-пәтерінде 2027 жылға арналған Көпдеңгейлі сыртқы істер министрліктері аралық консультациялар жоспарының жобасын келісу жөніндегі сарапшылар тобының отырысы өтті, деп хабарлайды ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен.
Талқылауға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында сарапшылар құжатты қарап, оның жобасын жалпылама келісті. Қатысушылар сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттердің өкілдері ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі бекітетін деңгейде СІМ аралық консультацияларға қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, жоба бойынша талқылауды 19 тамызға жоспарланған сарапшылар тобының келесі отырысында жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Кездесу материалдары 2027 жылға арналған сыртқы істер министрліктеріаралық консультациялар жоспарының жобасын одан әрі пысықтау үшін қатысушы мемлекеттерге жолданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 10:58 12966
Қазақстан Исламабадта саяси реформалар бағыты мен Пәкістанмен ынтымақтастықтың басымдықтарын таныстырды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінде "Жаңа дәуірдегі Қазақстанның саяси трансформациясы және Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығының жаңа көкжиектері" тақырыбында Пәкістанның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Брифингті ашқан Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин қатысушыларды Әділетті Қазақстанды құру бағыты аясында жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси реформалармен таныстырды. Сонымен қатар, Елші еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңі, мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың алдағы перспективалары туралы жан-жақты баяндады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың жаңа Конституцияның күшіне енуіне және алдағы Құрылтай сайлауына арналған Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінің негізгі ережелері таныстырылды.
Өз сөзінде Елші сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қазіргі екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйіне тоқталып, саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтті. Ол биылғы ақпан айында ҚР Президентінің Исламабадқа жасаған алғашқы мемлекеттік сапарының негізгі қорытындыларына тоқталып, көлік және логистика, сауда мен инвестициялар, білім беру, ақпараттық технологиялар, цифрландыру, мәдениет, туризм, спорт және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.
Іс-шара соңында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі, Қазақстанға қатысты іс-шараларды кеңінен жариялап жүргені және Елшілік қызметіне тұрақты ақпараттық қолдау көрсеткені үшін БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар табыстау рәсімі өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2026, 20:36 15011
Қазақстан мен Израиль инновациялар және технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды талқылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшісі Дәулет Ембердиев Тель-Авив қаласында Израиль Инновациялар басқармасы басшысының орынбасары Шломи Кофманмен кездесті.
Кездесу Израиль Мемлекетінің Президенті И. Герцогтың биыл сәуірде Астанаға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Израиль арасындағы қарқынды дамып келе жатқан экономикалық және технологиялық ынтымақтастық аясында екі ел басшыларының уағдаластықтары инновациялар саласындағы өзара іс-қимыл мен израильдік технологияларды тартуға қуатты серпін беретінін атап өтті.
Ш. Кофман екіжақты диалогты дамыту перспективалары жөніндегі көзқарасымен бөлісіп, Қазақстанмен нақты әрі мазмұнды ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді. Осы тұрғыда қазақстандық компаниялар мен Израильдің технологиялық секторы арасында тікелей байланыстар орнату, сондай-ақ Қазақстанда озық технологияларды енгізуге бағытталған бірлескен жобаларды Израиль тарапының қолдауы мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Израиль басшысының Қазақстанға жасаған сапары барысында қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды тиімді іске асыру мақсатында, оның ішінде Қазақстан-Израиль Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы шеңберінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2026, 17:36 31111
Германия Қазақстанмен өзара құрмет пен сенімге негізделген сындарлы диалогты жалғастыруға дайын
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев дипломатиялық миссиясы аяқталатын Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Моника Иверсенмен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақ-неміс стратегиялық әріптестіктігі деңгейін жоғары бағалап, Астананың екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі жан-жақты дамытуға деген ұмтылысын атап өтті.
Министр ынтымақтастықты тереңдетуге деген өзара ниет расталған ақпандағы Берлинге сапарының және "Орталық Азия - Германия" форматындағы министрлер кездесуінің маңыздылығын атап өтті.
Германия Елшісі дипломатиялық миссиясы кезінде көрсетілген қолдау үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Германияның Қазақстанмен өзара құрмет пен сенімге негізделген сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екеніне сендірді.
Кездесу соңында Е.Көшербаев екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін Елшіге екінші дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2026, 17:03 31571
ОСК Құрылтай сайлауына "Ауыл" партиясының партиялық тізімін тіркеді
ОСК тиісті қаулыны мақұлдады
Достарға айту
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысу үшін "Ауыл" партиясының партиялық тізімін тіркеді.
Ауыл" республикалық қоғамдық бірлестігі партиясының партиялық тізімі бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттарға тиісті куәліктер берілсін", - делінген ҚОСК қаулысында.
Сондай-ақ құжатқа сәйкес, "Ауыл" партиясының атауы сайлау бюллетеніне енгізіледі.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, 1 шілдеде қол қойды. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын әзірлеу мен өткізудің күнтізбелік жоспарын бекітті.
Құрылтай Қазақстандағы бұрынғы қос палаталы Парламенттің орнына келетін жаңа бір палаталы парламент болады. Оның құрамына бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер арқылы бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.07.2026, 09:31Қазақстан президенті бірқатар жаңа елшілерді тағайындады 22.07.2026, 09:44 16136Алакөл көлінде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлінді22.07.2026, 10:33 14936Елімізде жүргізушлер үшін 25 тамыздан бастап не өзгермек22.07.2026, 11:09 13416Павлодар облысында дауылды жел үйлер мен электр желілеріне зақым келтірді22.07.2026, 11:47 12631Қазақстанда жалған банкноттар шығаруды жалғастыруда
17.07.2026, 23:10 95341Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 93341ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев17.07.2026, 15:25 92931Қазақстан ОСК тағы 16 халықаралық байқаушыны аккредиттеді17.07.2026, 21:04 88381БҰҰ-ның Ливандағы бітімгерлік миссиясының базасында Қазақстанның Мемлекеттік Туы көтерілді17.07.2026, 14:28 88376Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығы ашылады
23.06.2026, 17:00 206256Алматыдағы хайуанаттар бағында ақбөкендер төлдеді23.06.2026, 15:08 180991Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету ережелері өзгерді23.06.2026, 14:27 171291Қоғамдық орындарда беттерін жапқан 1600-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды25.06.2026, 17:42 150651Венесуэладағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ - СІМ24.06.2026, 16:02 148736Елімізде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі
