16.01.2026, 10:33 11196

Қазақстан мен Оңтүстік Корея көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Оңтүстік Корея көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Жер, инфрақұрылым және көлік жөніндегі комитетінің төрағасы, депутат Мэн Сон Гюмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты аясындағы стратегиялық басым бағыттардың бірі - көлік және логистика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ Алатау ақылды қаласын дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың өзектілігі аталып өтілді. Осы тұрғыда 2025 жылғы желтоқсанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, "Alatau City Authority" мемлекеттік қоры және Кореяның Шетелдік инфрақұрылым мен қала құрылысына қолдау көрсету корпорациясы (KIND) арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумның маңыздылығы ерекше назарға ие болды.

Бұдан бөлек, қазақ дипломаты депутатты Астанада өтетін халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстанға шақырды.

Жалпы, "Air Astana", "SCAT Airlines", "Asiana Airlines" және "Eastar Jet" әуекомпаниялары жүзеге асырып отырған тікелей әуе рейстерінің кеңеюінің арқасында екіжақты байланыстар мен туристік алмасудың оң серпіні аталып өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны