10.07.2026, 20:25 61026

Қазақстан мен Пәкістан ұлттық валюталардың айырбас бағамын ресми түрде белгіледі

Қазақстан мен Пәкістан ұлттық валюталардың айырбас бағамын ресми түрде белгіледі
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстан Ұлттық банкі мен Пәкістан Мемлекеттік банкі теңге мен пәкістан рупиясының ресми айырбас бағамдарын белгіледі. Бұл шешім екі елдің қаржы реттеушілері мен Қазақстанның Пәкістандағы елшілігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде қабылданды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

8 шілдеде Қазақстан Ұлттық Банкі 1,68 PKR/1 KZT есебімен Пәкістан рупиясына қазақстандық теңгенің ресми бағамын жариялады, ал ПИР Мемлекеттік Банкі белгілеген қазақстандық теңгеге Пәкістан рупиясының ресми бағамы 0,59 KZT/1PKR құрайды.

Қазіргі таңда, екі елдің екінші деңгейдегі банктері, атап айтқанда "Банк ЦентрКредит", "Freedome Bank" және "Meezan Bank", ұлттық валюталарда бұрын құрылған корреспонденттік шоттарды жандандыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Жақын арада аталған ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттар жеке және заңды тұлғалардың өзара операциялар мен есеп айырысулар үшін пайдалануы үшін қолжетімді болады деп күтілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны