01.04.2026, 13:33 155876

Қазақстан мен Пәкістан туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Пәкістан туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Премьер-министрінің туризм жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Сардар Ясир Ілияс Ханмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың ақпан айында Исламабадқа жасаған мемлекеттік сапарының негізгі қорытындылары туралы айтып берді.

Екі тарап өткен келіссөздер мен іс-шараларға жоғары баға беріп, олардың жоғары өнімділігі мен сапалы мазмұнын атап өтті.

Сонымен қатар, сапар шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде туроператорлар, қонақ үй кешендері, бейінді оқу орындары арасында байланыс орнату мәселелерін талқылады.

Ұлттық үйлестіруші биыл Қазақстан қалаларына бару және Қазақстанның туристік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен және іскер топтармен кездесулер өткізу үшін делегация ұйымдастыруға ниет білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны