10.10.2026, 14:53 61201 / 11475

Қазақстан мен Руанда сирек жер металдарын өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр

Тараптар Қазақстанда Руанданың өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруда
Қазақстанның Кения мен Руандадағы елшісі Барлыбай Садықовтың Руанданың сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Уста Кайтесимен кездесуі барысында Қазақстан мен Руанда елдері арасында сирек жер металдарының кен орындарын игеру саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ көлік және логистикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар 2025 жылғы 27-29 мамырда Астанаға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Атап айтқанда, екіжақты Іскерлік кеңестің қызметіне, сирек жер металдары кен орындарын игеру саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ көлік және логистика мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобын құру талқыланды.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстанда Руанданың Қазақстанда өкілдігін ашу және Қазақстан Республикасының Руандадағы Құрметті консулын тағайындау мүмкіндіктерін және парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыру перспективалары қарастырылды.

Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық, халықаралық органдарға ұсынылған кандидатураларды өзара қолдау және Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы талқылап, Қазақстан мен Руанданың екіжақты әріптестікті одан әрі дамытуға және өзекті өңірлік әрі халықаралық мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны