14.08.2026, 20:54 48651

Қазақстан мен Сербия сауда-экономикалық салада қазақ-серб әріптестігін одан әрі нығайтуға мүдделі

Тараптар сауда-экономикалық салада қазақ-серб әріптестігін одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Белградқа жұмыс сапары барысында Сербия басшылығымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Жұмыс сапары аясында Сербия Премьер-министрінің орынбасары - Ішкі істер министрі Ивица Дачичпен, Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дамьян Йовичпен, Ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі министр Ненад Поповичпен екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар сондай-ақ Мемлекет басшысының 2024 жылы Сербияға жасаған ресми сапарының және Сербия Президенті Александр Вучичтің 2026 жылғы ақпанда Астанаға сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын қарастырылып, ядролық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру, ғарыш және цифрлық технологиялар, сондай-ақ жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары атап өтілді.

"Сапар аясында Сербия Сауда-өнеркәсіп палатасының және Қазақ-серб іскерлік кеңесінің өкілдерімен кездесулер өткізіліп, іскерлік байланыстарды кеңейту және өзара тиімді жобаларды ілгерілету перспективалары талқыланды",- деп айтылған хабарламада.


Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар, ең алдымен, сауда-экономикалық салада қазақ-серб әріптестігін одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны