Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстанн арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
"Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібінде өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды",- деп айтылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілей отырып, Өзбекстан көшбасшысының екі ел арасындағы достық және тату көршілік рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мен Өзбекстан Орта дәліз арқылы тасымалдау көлемін арттыруға келіскен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

