17.07.2026, 20:43 81146

Қазақстан мен Әзербайжан Алят портында бірлескен терминал салуға кіріседі

Қазақстан Баку кеме жасау зауытына екі құрғақ жүк кемесін салуға тапсырыс берді
Қазақстан мен Әзербайжан Алят портында бірлескен терминал салуға кіріседі
Қазақстан мен Әзербайжан Алят портында бірлескен интермодальды терминал салуға дайындалуда. Бұл мәселені Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел мен Әзербайжан көлік-коммуникация холдингінің атқарушы директоры Шахин Бабаев талқылады, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметінен.

Әзербайжан тарапы қазіргі уақытта Баку портының даму жөніндегі бас жоспарын жаңарту аяқталуға таяп қалғандығын, кейіннен терминал құрылысы басталатынын мәлімдеді. Жобаны іске асыру туралы келісімге 2024 жылы екі ел басшыларының қатысуымен қол жеткізілген болатын.

Сонымен қатар, тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту және басқа да бірлескен көлік-логистикалық жобаларды талқылады.

Кездесу барысында Қазақстанның Баку кеме жасау зауытына екі құрғақ жүк кемесін салуға тапсырыс бергені атап өтілді. Өз кезегінде Әзербайжан Қазақстанда өндірілген локомотивтерді сатып алу мүмкіндігін қарастыруда. Бұған дейін, Қазақстан Әзербайжанға 2015-2022 жылдары 50 локомотив жеткізген болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және екі елдің Еуразиядағы негізгі транзиттік тораптар ретіндегі рөлін нығайтуға мүдделі екендерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны