15.08.2026, 10:38 49176

Қазақстан Үндістанмен стратегиялық серіктестікті кеңейтуге ниетті - Көшербаев

Қазақстан Үндістанмен стратегиялық серіктестікті кеңейтуге ниетті - Көшербаев
Сурет: ЖИ
Қазақстан Үндістанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытып, ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкарға жолдаған құттықтауында мәлімдеді.

"Қазақстан Үндістанмен достық пен өзара сенімге негізделген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды және екіжақты ынтымақтастықты алдағы уақытта да жан-жақты дамытуға ниетті", - деді Көшербаев.


Сыртқы істер министрі Үндістан халқының бірлігі мен елдің дамуға деген ұмтылысын да атап өтті.

"Бұл айтулы дата Үндістанның конституциялық дәстүрлерінің беріктігін, халқының бірлігін және елдің прогресс пен дамуға деген берік ұстанымын бейнелейді", - делінген құттықтауда.


Көшербаев үндістандық әріптесіне халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолындағы қызметіне табыс, ал Үндістан халқына бейбітшілік, тұрақтылық және одан әрі өркендей беруін тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын. Мемлекет басшысы Үндістанның халықаралық қатынастардағы маңызды рөлін, экономикалық жетістіктері мен ғылыми-техникалық әлеуетін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны