14.08.2026, 18:36 58596

Қазақстан Пәкістанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті - Көшербаев

Көшербаев Исламабадтың әлемдік аренадағы дипломатиялық рөлінің артып келе жатқанын атап өтті
Қазақстан Пәкістанмен саясат, экономика, логистика және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай жолдаған құттықтауында мәлім етті.

"Қазақстан Пәкістанмен берік достық пен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Біз саяси, экономикалық, көлік-логистика және қауіпсіздік салаларындағы екіжақты байланыстарды одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы үйлестіруді нығайтуға ниеттіміз", - депи жазады сыртқы істер министрі.


Ол сондай-ақ Исламабадтың әлемдік аренадағы дипломатиялық рөлінің артып келе жатқанын және халықаралық мәселелерді шешу мен өңірлік тұрақтылықты нығайтуға қосқан сындарлы үлесін атап өтті.

"Біздің бірлескен күш-жігеріміз Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге және халықтарымыздың одан әрі өркендеуіне ықпал ететініне кәміл сенемін", - деп толықтырды Көшербаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны