20.05.2026, 17:08 221

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясында келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясында келіссөздер жүргізді
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сауд Арабиясына жасаған жұмыс сапары аясында Корольдіктің Сыртқы істер министрінің халықаралық көпжақты қатынастар жөніндегі орынбасары Абдурахман әр-Рассимен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, сондай-ақ "Орталық Азия - Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" форматындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдауды жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге бағытталған бастамаларды ілгерілету маңыздылығы атап өтілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны