20.05.2026, 09:58 136

Қазақстан СІМ-де ExxonMobil компаниясымен энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де ExxonMobil компаниясымен энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев "ExxonMobil" компаниясының халықаралық үкіметтік қарым-қатынастар жөніндегі аға директоры Юрия Киммен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында "ExxonMobil" компаниясының Қазақстандағы қызметі, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Е.Ашықбаев компанияның Қазақстанның энергетика секторының дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға деген қызығушылығын білдірді. Ю.Ким компанияның қазақстандық экономикаға инвестицияларды кеңейту және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны