10.07.2026, 18:49 52501

Қазақстан түрлі «күш орталықтарының» арасында диалог орнатып келеді – экс-сенатор

Қазақстан түрлі «күш орталықтарының» арасында диалог орнатып келеді – экс-сенатор
Сурет: Kazakhstan Today
Қазақстан дәйекті түрде көпсалалы әрі татулыққа негізделген сыртқы саясат жүргізіп, әлемдегі түрлі "күш орталықтарының" арасында диалог орнатуда. Бұл туралы қазақстандық саясаткер, Сенаттың бұрынғы депутаты Евгений Больгерт "Әділет" партиясының III кезектен тыс съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінде Қазақстан жаһандық көшбасшылыққа ұмтылмайтын, бірақ болжамы, прагматизмі және түрлі "күш орталықтарының" арасында диалог орната білуінің арқасында көптеген халықаралық үдеріске елеулі әрі сындарлы ықпал ете алатын орта держава ретінде маңызды орынға ие", - деді ол.


Оның айтуынша, Қазақстан халықаралық көлік-логистика бағыттарының маңызды буыны болуға ұмтылуда.

"Дәл осындай - ашық, тәуелсіз, әділетті әрі жауапты Қазақстан ғана әлемдегі өз рөлін нығайтып, халықаралық аренада ұлттық мүдделерін тиімді қорғай алады", - деп атап өтті Евгений Больгерт.


Естеріңізге сала кетсек, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңартылған Конституция күшіне енді. Осыған байланысты Сенат пен Мәжіліс өз жұмысын тоқтатып, екі палаталы Парламенттің орнына Құрылтай құрылған болатын. Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы 2026 жылдың 23 тамызына белгіленген.

Евгений Больгерт - қазақстандық саясаткер, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты. Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны