16.07.2026, 20:25 20366

Қазақстан Қытаймен мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүдделі - Тоқаев

Қазақстан Қытаймен мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүдделі - Тоқаев
Сурет: Ақорда
Қазақстан Қытаймен мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға әрдайым мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөздер барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

"Қытайдың халықаралық қауымдастық алдындағы беделі зор және оның жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды. (...) Соңғы жылдары мемлекеттеріміз арасындағы саяси диалог айтарлықтай жандана түсті", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Өз кезегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастары жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.

"Өзара ықпалдастықты дамытудың әлеуеті өте зор", - деді Си Цзиньпин.


Қытай басшысы сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге жоғары баға беріп, жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады және алдағы Құрылтай сайлауына сәттілік тіледі.

Мемлекеттер басшыларының кездесуі аяқталған соң Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына және жол картасына қол қойылды.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 49 млрд АҚШ долларына жеткені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны