13.07.2026, 17:44 25441

Қазақстандық Mirai Tech стартапы ДЗМҰ Global Awards 2026 байқауында финалға шықты

Қазақстандық Mirai Tech стартапы ДЗМҰ Global Awards 2026 байқауында финалға шықты
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстандық Mirai Tech стартапы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) ұйымдастырған беделді халықаралық WIPO Global Awards 2026 байқауында Қазақстанды лайықты таныстырып, финалға шықты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

2026 жылы конкурсқа 126 елден 1 300-ден астам өтінім берілді. Көп сатылы іріктеу қорытындысы бойынша Mirai Tech 33 финалист қатарына кіріп, ДЗМҰ халықаралық мойындауына ие болған аз санды жобалардың біріне айналды.

Қазақстандық стартап Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні 2026 жылғы тақырыбы - "Зияткерлік меншік және спорт" аясында арнайы "Спорт" санатында таныстырылды.

Компания батареясыз жаңашыл үстілерді әзірледі. Олар спортшылардың қозғалыстарын бақылап, жарақат алу қатерін бағалай алады. Бұл шешім спортшылардың қауіпсіздігін арттыру және олардың дене жай-күнін бақылау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Mirai Tech-тің WIPO Global Awards 2026 финалына шығуы өзі маңызды жетістік болып табылады және қазақстандық инновациялық экожүйенің өсіп келе жатқан әлеуетін растайды. ДЗМҰ байқауының финалына қатысу қазақстандық стартаптардың халықаралық деңгейде бәсекелесуге және зияткерлік меншікті тиімді пайдалануға негізделген технологиялық шешімдер ұсынуға қабілетті екенін дәлелдейді.

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) жанындағы Тұрақты өкілдігі Mirai Tech командасын жоғары халықаралық мойындаумен құттықтайды және қазақстандық инновацияларды жаҺандық аренада ілгерілетуде одан әрі жетістіктер тілейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны