19.07.2026, 16:59 48831
Қазақстандық оқушылар Халықаралық химия олимпиадасында бір алтын және үш күміс медаль жеңіп алды
Сурет: ҚР Өзбекстандағы елшілігі
Достарға айту
Қазақстандық оқушылар Ташкент қаласында өткен 58-ші Халықаралық химия олимпиадасында (IChO) бір алтын және үш күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінен.
Алтын медальді Айзере Жеңісханова иеленді. Күміс жүлдегерлер қатарында Ансар Жақсылықов, Әбілмансұр Қали және Данил Полетаев бар.
Қазақстан құрамасының жетекшілері әрі жаттықтырушылары Ануар Нұртазин мен Санжар Бегдаир болды.
Елшілік оқушыларды, олардың жаттықтырушылары мен ата-аналарын табысты өнер көрсетулерімен құттықтап, ұлттық құрамаға жаңа ғылыми жетістіктер, жарқын жеңістер және халықаралық олимпиадаларда толағай табыс тіледі.
Халықаралық химия олимпиадасы 1968 жылдан бері өткізіліп келеді және мектеп оқушылары арасындағы ең ірі әрі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі саналады. Биылғы олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен 300-ден астам оқушы қатысты. Келесі олимпиада 2027 жылы Қытайда өтеді деп жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.08.2026, 19:50 2571
Қазақстан мен Қытай өнеркәсіп, құрылыс және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Достарға айту
Қазақстан мен Қытай өнеркәсіп, құрылыс және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлиньмен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
"Кездесу барысында өнеркәсіп, құрылыс, энергетика салаларындағы қазақ-қытай ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру барысы, оларды одан әрі нығайтудың перспективалық бағыттары қаралды", - деп айтылған хабарламада.
Атап айтқанда, Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда зор әлеуетін атап өтті.
Өз кезегінде Хань Чуньлинь Қытай тарапының өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екенін растады.
Кездесудің соңында тараптар екіжақты өзара ықпалдасудың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды қолдауға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 19:28 2966
Қазақстан мен АҚШ энергетика, технологиялар және инвестициялар салаларындағы ынтымақтастықты талқылады
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капур Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының энергетика, технологиялар және инвестициялар салаларындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады",- деп айтылған хабарламада.
Е.Көшербаев сұхбаттасын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабардар етіп, елдің дамудағы жаңа кезеңге қадам басқанын атап өтті. Осыған байланысты 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы жаңа конституциялық модельді іс жүзінде іске асырудағы маңызды кезең болатыны аталып өтті.
Өз кезегінде, америкалық тарап ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады және энергетика, маңызды минералдар, озық технологиялар, цифрландыру, көлік және инвестициялар салаларындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейту үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.
Су ресурстарын басқарудың жаһандық архитектурасын нығайту жөніндегі Қазақстанның бастамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында сондай-ақ 2026 жылғы желтоқсанда Майами қаласында өтетін "G20" саммитіне дайындық мәселелері жөнінде пікір алмасылды. Саммитке Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады. Осыған байланысты тараптар жоғары деңгейдегі күн тәртібін мазмұнды түрде қалыптастыру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 19:28 2751
Ресейдің Өскемендегі жаңа бас консулы тағайындалды
Сурет: Ресей СІМ
Достарға айту
Михаил Королев Ресей Федерациясының Өскемендегі бас консулы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Михаил Королев Алтай политехникалық институтын бітірген. 1999 жылдан бері дипломатиялық қызметте.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің Барнауылдағы аумақтық органының басшысы - өкілі, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Өскемен қаласының бас консулы қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бері Ресей Сыртқы істер министрлігінің Барнауылдағы аумақтық органының басшысы - өкілі қызметін атқарып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 13:29 4296
Оңтүстік Корея президенті Тоқаевқа қылмыстық топты ұстауға көмектескені үшін алғыс айтты
Ол келесі айда өтетін "Корея Республикасы - Орталық Азия" саммитінде тікелей жүздесіп, алғысын жеке жеткізуге мүмкіндік болатындығын атап өтті
Достарға айту
Оңтүстік Корея gрезиденті Ли Чжэ Мён Қазақстанда телефон арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Оңтүстік Корея азаматтарын ұстап, оларды отанына қайтаруға көмектескені үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп жазады Оңтүстік Корея көшбасшысы X әлеуметтік желісінде.
Ли Чжэ Мённің айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Камбоджа мен Вьетнам арқылы Қазақстанға жасырын кіріп, қазақстандықтарға қарсы телефон алаяқтығын жасаған.
Күдіктілер Қазақстан аумағында ұсталып, 2 апта өткен соң толықтай елге қайтарылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұстау шарасынан бастап елге жеткізуге дейінгі жұмыстың жедел атқарылуы Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің белсенді қолдауы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға және тиісті тараптарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз",- деп жазады Оңтүстік Корея президенті.
Ол сондай-ақ, келесі айда өтетін "Корея Республикасы - Орталық Азия" саммитінде тікелей жүздесіп, алғысын жеке жеткізуге мүмкіндік болатындығына сенімді екендігін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 11:55 5126
Израильде Қазақстандағы саяси өзгерістер таныстырылды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігі Израильдің бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізіліп, қатысушыларға 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелері таныстырылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұйымдастырылған кездесу Израиль жұртшылығын 2026 жылдың 23 тамызында өтетін Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау қарсаңында ұйымдастырылып, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және институционалдық өзгерістер туралы ақпараттандыруға арналды.
"Мемлекеттік билік жүйесін реформалауға, бір палаталы парламент - Құрылтайға көшуге, өкілді органдарды қалыптастырудың жаңа қағидаттарына, сондай-ақ жаңартылған саяси жүйедегі саяси партиялар мен азаматтық қоғамның рөліне ерекше назар аударылды",- деп атап өтті министрлік өкілдері.
Кездесу барысында сондай-ақ қатысушыларға сайлауды өткізу тәртібі, саяси партиялар мен кандидаттардың қатысуы, сайлау процесінің негізгі кезеңдері туралы толық ақпарат берілді. БАҚ өкілдері мен сарапшылар конституциялық реформаның практикалық іске асырылуы, мемлекеттік биліктің жаңа моделінің жұмыс істеуі, саяси партиялардың рөлі, сондай-ақ Қазақстанның одан әрі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне қызығушылық танытты.
Қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жүргізіліп жатқан реформалар мен алдағы сайлау процесіне қатысты тиісті түсініктемелер алды.
Кездесу Қазақстан Республикасының Израильдегі дипломатиялық өкілдігі мен Израильдің медиа және сарапшылық қоғамдастығы арасында тікелей диалогты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан туралы объективті және жан-жақты ақпаратты ілгерілетуге бағытталған маңызды алаң болды.
Қазақстан Республикасының Елшілігі Израильдің БАҚ өкілдерімен және сарапшылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды одан әрі жалғастырып, Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуының өзекті мәселелеріне арналған тақырыптық брифингтер мен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 21:12 8816
Әзербайжан ОСК басшысы Құрылтай сайлауын бақылауға қатысады
Достарға айту
Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов Қазақстан Құрылтайы депутаттарының алдағы сайлауын бақылауға қатысады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Қазинформ" ХАА сілтеме жасай отырып.
Атап айтқанда, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) миссиясы құрамында ұйымның бас хатшысы Рамиль Гасан мен Оңтүстік Кавказ зерттеулер орталығының басшысы Фархад Мамедов сайлау барысын бақылайды.
Сондай-ақ, Әзербайжан Милли Мәжілісінің депутаты Гюльшан Пашаева ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының миссиясы құрамында бақылауға қатысады.
Халықаралық байқаушылар өздері өкілдік ететін ұйымдардың мандаттары мен халықаралық стандарттарға сәйкес дауыс беруге дайындық пен оны өткізу барысын бағалайтын болады.
Естеріңізге сала кетсек, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтайдың алғашқы құрамының депутаттарын сайлау науқаны өтеді. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары 22 тамызға дейін жалғасады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 20:35 9001
Қазақстан БҰҰ және ШЫҰ-мен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтып келеді
Достарға айту
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен (БҰҰ) және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен (ШЫҰ) өзара іс-қимылды дамыта отырып, жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырып келеді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Ержан Қазыхан аталған бөлімшенің Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанның БҰҰ-мен өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын, көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларын талқылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Құдайберген Базарбаевпен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Қырғыз қатынастарының өзекті мәселелерін, сондай-ақ көпжақты алаңдарда ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Ал, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Словак Республикасының Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі Любомир Регактан сенім грамотасының көшірмесін қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогтың жоғары деңгейін және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға өзара мүдделілікті атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 15:36 10491
Қазақстан СІМ-де Палестинамен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Палестина Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі, дипломатиялық корпус дуайені Монтасер Абу Зейдпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстан-Палестина ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастардың қарқынын және оларды одан әрі дамытуға деген өзара мүдделілікті атап өтті. Саяси, гуманитарлық және өзара қызығушылық тудыратын өзге де салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, дипломаттар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде мазмұнды пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі тереңдетуге және бірлескен бастамаларды тиімді ілгерілетуге бағытталған тұрақты әрі сенімді диалогты жалғастыруға бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.08.2026, 09:58Каспий теңізі күні 12 тамызда атап өтілуде 12.08.2026, 15:06 6516Елімізде бизнесті қолдау орталықтары ашылады12.08.2026, 15:45 6026Қазақстан Каспий маңы елдерін теңізі деңгейінің төмендеуіне қарсы күресті күшейтуге шақырды12.08.2026, 09:14 5196Бұтақты шатқалында Алматының тау кластерін дамыту аясында жүзден астам ағашты кесу жоспарлануда12.08.2026, 11:55 5126Израильде Қазақстандағы саяси өзгерістер таныстырылды
06.08.2026, 15:56 73411Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды06.08.2026, 13:30 7327616 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 72981Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты06.08.2026, 17:55 71436СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді06.08.2026, 18:38 60706"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті
24.07.2026, 17:33 105616АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99336Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97916Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 97076Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94936ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

