Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы жаңа елшілері тағайындалды
Сурет: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпуста бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мәлік Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Талғат Адуов Қазақстанның Грузиядағы жаңа Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Сондай-ақ, Болат Сүгірбаев ҚР Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

