17.07.2026, 21:04 88881

БҰҰ-ның Ливандағы бітімгерлік миссиясының базасында Қазақстанның Мемлекеттік Туы көтерілді

БҰҰ-ның Ливандағы бітімгерлік миссиясының базасында Қазақстанның Мемлекеттік Туы көтерілді
Сурет: ҚР ҚМ
БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштерінің (UNIFIL) базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шараға Үндістан батальонының әскери қызметшілері мен Қазақстанның бітімгерлік контингенті қатысты. Қазақстан, Үндістан және БҰҰ әнұрандары орындалғаннан кейін Үндістан батальонының қолбасшысы қазақстандық контингенттің қолбасшысына UNIFIL естелік белгісін табыстады.

Мемлекеттік туды көтеру рәсімі - UNIFIL миссиясының дәстүрлерінің бірі. Бұл рәсім ұлттық контингенттің база аумағында ресми түрде қызметін бастағанын білдіреді және олардың халықаралық міндеттерді орындауға дайын екенінің белгісі саналады.

Қазақстаннан 11 бітімгер Ливанға БҰҰ-ның Уақытша күштері (UNIFIL) құрамында қызмет атқару үшін барғанын естеріңізге саламыз. Олар алты ай бойы бітімгерлік міндеттерін орындайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны